Украиналықтар Қытайдан ел азаматтарын эвакуациялауға қарсы наразылыққа шықты

Украиналықтар Қытайдан ел азаматтарын эвакуациялауға қарсы наразылыққа шықты

Украиналықтар Қытайдан ел азаматтарын эвакуациялауға қарсы наразылыққа шықты
ашық дереккөзі
Украинаның Полтавская облысындағы Новые Санжары елді мекенінде жергілікті тұрғындар мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыс болды. Тұрғындар Қытайдың Ухань қаласынан эвакуацияланған азаматтардың өңірге келуіне наразылық білдіруде, деп хабарлайды «Наш» телеарнасы. Украина билігі Қытайдан 73 азаматты ел аумағына жеткізді. Олардың арасында украиналықтар ғана емес, шетелдіктер де бар. Олар 14 күн бойы карантинде болады. "112.Украина" телеарнасының хабарлауынша, ҚХР-дан эвакуацияланғандар Полтавская облысы Новые Санжары ауылындағы Ішкі істер министрлігінің шипажайына жатқызылмақ.