«Nur Otan» Екібастұз қаласындағы өзекті мәселелерді бақылауға алды

«Nur Otan» Екібастұз қаласындағы өзекті мәселелерді бақылауға алды

«Nur Otan» Екібастұз қаласындағы өзекті мәселелерді бақылауға алды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Павлодар облысында болған жұмыс сапарында Екібастұз қаласындағы өзекті мәселелермен танысты. Атап айтсақ, өңір әкімімен бірге ерекше қамқорлықты қажет ететін 138 бала тәрбиеленіп жатқан «Алтынай» арнайы балалар үйінің ғимаратын көрді. Соңғы рет мұнда күрделі жөндеу жұмыстары осыдан 10 жыл бұрын жасалған екен. Ғимараттың шатыры, қасбеті және жылу жүйесі қазір апатты жағдайда. Ата-аналармен болған кездесуде партия төрағасының бірінші орынбасары балаларды қолдау мен құқығын қорғау «Nur Otan»-ның негізгі жұмыстарының бірі екеніне тоқталып, осы мәселені шешу үшін барлық іс-шаралардың қабылданатынын атап өтті. Одан әрі Бауыржан Байбек Екібастұздағы «Nur Otan»-ның қоғамдық қабылдауында болып, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады. Қаралған мәселелердің ішінен ол құдықтың ауыз суын пайдаланып жүрген Сарықамыс ауылының 450 тұрғынының өтінішін партиялық бақылауға алды. Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуді жүргізу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ партия төрағасының Бірінші орынбасары әлеуметтік және еңбек құқығы саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі мәселелер мен ұсыныстарды талқылау үшін Екібастұздағы ГРЭС – 1 жұмысшылары және өңірдегі тау-кен өндірісі кәсіподақтарының өкілдерімен жүздесті. Сол күні Бауыржан Байбек Павлодар қаласының белсенді тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді. Зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірге экология, еңбек миграциясы,сыбайлас жемқорлық т.б. салалардағы өңірдің өзекті мәселелері талқыланды. Партия төрағасының Бірінші орынбасары әр мәселеге байланысты, оның ішінде заңнамалық деңгейде де «Nur Otan»-ның жүйелі түрде айналысатынына ерекше тоқталды. Елбасының тапсырмасы бойынша, «Nur Otan» партиясының бірнеше айдан бері Үкіметпен және өңірдің филиалдарымен бірге алдағы 5 жылға арналған аудандар, қалалар мен облыстарды дамытудың жаңа бағдарламасын дайындау жөніндегі жұмыс жасап жатқанын атап өткен ләзім. Онда әрбір жеке аудандағы жергілікті ерекшеліктер ескеріліп, азаматтардың нақты қажеттілігі көрініс табатын болады. Бұл жұмыстың шеңберінде «Nur Otan» партиясының басшылығы барлық елді мекендерді, оның ішінде шалғайдағы аудандар мен ауылдарды да қамту үшін еліміздің барлық өңірлерін аралап шығуды жоспарлап отыр. Павлодар облысына сапар барысы кезінде Бауыржан Байбек 16 көппәтерлі үйдің 800-ге жуық тұрғыны орталықтандырылған жылусыз қалған Новочерноярка ауылының адамдарымен кездесті. Өңір басшылығының айтуынша, биыл ауылда бес әлеуметтік нысанды да, жақын жердегі мектеп, балалар бақшасы мен дәрігерлік емханы да жылумен қамтамасыз ететін қазандық салынады. Сондай-ақ, облыс орталығында «Екінші Павлодар» ықшамауданының тұрғындарымен де кездесу ұйымдастырылды. Ол жерде жыл сайын жеке үйлерді еріген және жер асты суы деңгейінің көтерілуінен су басу проблемасы шешілмей келеді. Кездесуде сонымен бірге тарифтің айқындығына, жергілікті монополист «Павлодар - Суқұбыры» ЖШС суды есептеу құбыры бағасына байланысты да шағымдар айтылды. Бауыржан Байбек таяу уақыттары партия алаңында барлық мүдделі органдарды қатыстыру арқылы ашық тыңдау өткізуге байланысты тапсырма берді.