«Орхон ескерткішінің толық атласы» таныстырылды

«Орхон ескерткішінің толық атласы» таныстырылды

«Орхон ескерткішінің толық атласы» таныстырылды
ашық дереккөзі
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада түрколог ғалым Қар­жау­бай Сартқожаұлының «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» атты 3 томдық еңбегі таныстырылды. Атласқа Еуразияның ұлы дала­сы­на үстемдік етіп, бірнеше рет алып им­перия құрған бабаларымыздың 2-3 мың жыл бұрынғы тарихы мен дү­ниетанымы, көне жазу-таңбалары ен­гізіліп отыр. Сонымен қатар Алтай, Ор­хон, Селеңгі, Керулен өзені бойы­нан табылған Көк түрік империясы дәуіріндегі (500-900 жж.) тас ұстынға 2 000 жыл бұрын қашап жазған түпнұс­қада тарих, тіл әдебиет (сөз өнері), байырғы архитектура және фи­лософиясы мен салт-дәстүрлерінің мұ­ралары қамтылған. «Бұл еңбекте көп дүниелер қайта қа­ралды. Бұған дейінгі дүниелерді мұ­қият тексердік, қайта қарап шық­тық. Өте көп қателіктер таптық. Қа­рап шығу барысында бір ғана тіл білу­дің аздық ететінін ұғындым. Бұл ес­керткіштерге филология тұр­ғы­сы­нан ғана қарау жеткіліксіз екен. Ар­хео­логиясын қоса меңгеру керек бол­ды. Байырғы этнографиялық ерек­­­шелігін де зерделеуге тура келді. Сал­тын зерттедік. Күллі түркі халық­тарының дәстүріне бағам жасадық. Осыларды игеріп келгенде ғана бұған дейінгі дүниелердің түгелге жуығы қате жазылғанына көз жеткіздік. Бұл еңбек сол қателіктің орнын толық­тыр­ған дүние», – дейді кітап авторы Қаржаубай Сартқожаұлы. «Орхон ескерткіштерінің толық ат­ласы» еңбегінде Моңғолия–Чехия, Моңғолия–Түркия, Моңғолия–КСРО бі­ріккен экспедицияларының, Л.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситеті экспедициясының мате­риал­дары, сондай-ақ әлем түркітану­шыларының 100 жылдан астам уақыт жүргізген зерттеулерінің қорытын­дысы пайдаланылған.