«Көгілдір отынның» мәселесі көп кешікпей шешіледі

«Көгілдір отынның» мәселесі көп кешікпей шешіледі

«Көгілдір отынның» мәселесі көп кешікпей шешіледі
ашық дереккөзі
Түркістан облысында елді мекендерді газбен қамту мә­селесі өзекті болып тұр. Кейбір аудандарға газ құбыры же­тіп тұрса да, тұрғындар оның игі­лігін көре ал­май жүр. Ал кей елді мекендерде құбыр да тар­тыл­ма­ған. Елді алаңдатқан бұл түйт­кіл Nur Otan партиясы Түр­кі­­стан облыстық филиалы жа­нындағы Партиялық ба­қылау ко­миссиясында талқыланды. Жиында облыстық Энергетика және тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық басқар­ма­сының басшысы Игорь Алексеев өңір­ді газбен қамту бағытындағы жұ­мыстарды баяндады. Оның айтуынша, биыл облыс әкімінің тап­сыр­масына сәйкес, шалғай ауыл­дарға «көгілдір отын» жеткізу бастамасы басымдыққа ие. 2019 жылы елді мекендерге газ жеткізу үшін түрлі бюджет көздерінен 17,6 млрд теңге бөлініп, 58 нысанның құры­лы­сы жүргізілген. Нәтижесінде, 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін Түр­кістан облысында 412 елді мекен (48,9%) газбен қамтылған. Биыл об­лыста 23 нысанның құрылысы аяқ­талып, тағы 31,4 мың тұрғын газ­бен қамтылып, бұл игілікке қол жет­кізген елді мекендер саны 424-ке артпақ. Дегенмен комиссия мүшелері бұл салада проблема өте көп екенін айтып, жауапты бас­қар­ма мен «ҚазТрансГаз» АҚ бас­шы­лы­ғы­на өткір сұрақтар қойды. Облыс­тық мәслихат депутаттары және Бәйдібек, Жетісай ауданы әкім­дік­терінің өкілдері тұрғындар тарапынан газдың қосылмай жатқанына ша­ғым көп екенін жеткізді. Әсіресе, тех­никалық шартты жасау көп соз­балаңға салынады. Техникалық шарт жасау және газ қысымын өл­шеу жұмыстарында кемшіліктер бар. Комиссия отырысына қа­ты­су­шылар осы құжаттарды рет­теу жылдамдығын жеделдету жөнінде талап қойды. «ҚазТранс­Газ­Аймақ» АҚ ТОӨФ директоры Шал­қар Омарбеков жұмысты оң­тай­ландырып, наурыздан бастап тех­никалық шарттар тұрғындарға 5-10 күнде беріле бастайды деп уәде етті. Салаға жауапты мекемелер газ құбырын көшелерге дейін жүргізеді.  Ал  үйге немесе жеке мен­шік нысанға газ тарту меншік иесі­нің міндеті. Өкінішке қарай, үйінің іргесіне келіп тұрған газды шаңы­ра­ғына кіргізуге кей тұрғындардың қаражаты жеткіліксіз. Бүгінде об­лыс­та газды үйге кіргізу құны орта есеп­пен 85 мың теңге болып бекі­тіл­ген. Мамандар тұрғындарға мер­дігерді жіті зерттеп, жұмыс ақысын нақ­ты келісіп барып, техникалық шарт жасау керегін ескертеді. Сонымен бірге бір көше немесе бүкіл ауыл тұрғындары жедел құжатта­рын реттеп, қаржысын даярласа, газ да тез кіргізілмек. Жалпы, аудан жә­не қала әкімдіктерінде газдандыру бойынша тұрғындар арасында тү­сіндіру жұмыстары жандануы тиіс. 2013-2014 жылдары облыста газ құ­бырлары, АГРС-тер салынған. Бі­рақ «ҚазТрансГаз»  және басқа да ме­кемелердің келіспеушіліктері сал­дарынан 78 елді мекенде құ­быр­лар тартылса да,  газ жеткізілмеген. Бұл мәселе бойынша облыс әкімі Өмі­р­зақ Шөкеев жұмысты күшей­туді тапсырған болатын. Аудандарда тұрғындар тарапынан лицензия­сы бар мекемелермен құжаттарын рә­сімдеп, жеке үйлерге газ кіргізу жұ­мысы кешеуілдеуде. Себебі елді мекендердің көшелерін және аумақ­тарын табиғи газбен қанымдауға мамандар жетпей жатыр. Бұл ретте газ тасымалдаушы мекемелер «Қаз­ТрансГазАймақ» АҚ мен «Интергаз­Ор­талықАзия» АҚ-на жұмысты кү­шейткен жөн. Жиынды жүргізген Nur Otan пар­тиясы Түркістан об­лыс­тық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссия­сы­ның төрағасы Қайнар Абасов тұр­ғындарды сандалтпай, жұмыс сапасын көтеру керегін айтты. Nur Otan партиясы Түркістан об­лыстық филиалы төраға­сы­ның бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев партия филиалы жа­нындағы осы комиссия арқылы ау­дандарды аралап, тұрғындармен кез­десуді ұсынды. Сол көшпелі кез­десулерде газ саласындағы түйт­кілдер тарқатылып, шешу жолдары қарастырылады. Сонымен бірге «кө­гілдір отын» мәселесіндегі бюрок­ратиялық кедергілерді азайтып, өзара түсіністікпен жұмыс іс­теуге шақырды. Бұл ұсынысты «Қаз­ТрансГазАймақ» АҚ ТОӨФ ди­рек­торы Шалқар Омарбеков пен депу­таттар және комиссия мүше­лері қолдады. Наурызда арнайы комиссия бірнеше ауданда болып, газ­дандыру барысын тікелей қада­ғаламақ. Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы жанын­дағы Партиялық бақылау комиссия­сы отырысының қорытындысы бойынша бірқатар маңызды шешім қабылданды. Бәйдібек, Сарыағаш, Қазығұрт, Шардара, Отырар және Сай­рам ауданындағы «көгілдір отын» проблемасын зерделеп, оны же­дел шешу жөнінде ұсыныс берілді. Түркістан қаласын газбен қамту­ды жеделдету керектігі де сөз болды. Тұрғындар мүддесін қорғау үшін қоғамдық бақылау жә­не түсіндіру жұмыстары күшейеді.