Facebooк-те діни араздықты қоздырмақ болған атыраулық жазаланды

Facebooк-те діни араздықты қоздырмақ болған атыраулық жазаланды

Facebooк-те діни араздықты қоздырмақ болған атыраулық жазаланды
ашық дереккөзі
Атырауда Facebooк-тегі жеке парақшасында діни араздықты қоздыратын ақпараттар жариялаған азамат жауапкершілікке тартылды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-бабы 2-бөлігі бойынша іс қаралды. «Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Атырау облыстың Дін істері басқармасының мамандары әлеуметтік желіде мониторинг жүргізген. Мониторингтің нәтижесінде құқық бұзушы А. Facebooк-тегі жеке парақшасында дiни араздықты қоздыруды насихаттауға бағытталған материалдарды салғаны және таратқаны анықталды. Дінтану сараптамасының қорытындысына сәйкес, құқық бұзушы А. Facebooк-парақшасында жүктеген материалдар экстремизмді насихаттайтыны дәлелденді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен. Сот құқық бұзушыны кінәлі деп танып, 53 020 теңге айыппұл салу түрінде жаза қолданды.