Елбасы қабылдауында болды

Елбасы қабылдауында болды

Елбасы қабылдауында болды
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қа­был­­дады. Бұл туралы Елба­сы­ның бас­пасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында Үкімет бас­шы­­сы елдің әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуы, тікелей шетелдік ин­вес­тиция тарту жөнінде баяндады. Сондай-ақ кездесуде А.Мамин жаңа жұмыс орындарын құру, инф­ра­құрылымдық жобаларды жүзеге асыру және агроөнеркәсіптік ке­шен­ді дамытуға бағытталған Қа­зақстан Үкіметінің қабылдаған ша­ралары тура­лы айтып берді. Сонымен қатар Н.Назарбаев Ұлт­тық банк төрағасы Е.Досаевты қабыл­дады. Ұлттық банктің төрағасы Елбасына 2020 жылдың қаңтарында ақша-несие саясатын жүзеге асыру, ел­дің алтын валюта активтері мен Ұлттық қордың ахуалы туралы ақ­па­рат берді. Кездесу бары­сын­да Е.Досаев «Бес әлеуметтік бас­тама» ая­сындағы мемлекеттік бағ­дарла­ма­лардың жүзеге асырылу ба­рысы туралы да айтты. Сон­дай-ақ «Қа­­рапайым зат­тар экономикасы» бағ­­дарламасын іс­ке асыру та­қы­­ры­бы қозғалды.