Алматы тауларында қар көшкіні жүрді

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді
ашық дереккөзі
Кіші Алматы өзені бассейнінде қар көшкіні жүріп кетпес үшін және «Шымбұлақ» аумағында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды қар көшкінін жүргізу шарасы ұйымдастырылды. «Бұл – «Қазгидромет» РМК-ның 17 ақпандағы ұсынысы негізінде қолға алынған «Қазселденқорғау» ММ алдын алу бойынша профилактикалық шарасы», – делінген Алматы қалалық ТЖД таратқан хабарламада. Жасанды көшкін кезінде көлемі 15 мың текше метр қар массасы тау етегіне түсті. Профилактикалық қар көшкінін түсіру кезінде ғимараттар мен құрылыстарға зиян келген жоқ. Қар көшкінін түсіру жұмысына «Қазселденқорғау» ММ, «Нартас» ЖШС мамандары жұмылдырылды. Оны Алматы қаласы ТЖД, «Қазгидромет» РМК, «География институты», «Апаттар медицинасы орталығы» ММ өкілдері бақылап, қадағалады.