Қазақстандық спортшы Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатты

Қазақстандық спортшы Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатты

Қазақстандық спортшы Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатты
ашық дереккөзі
Қазақстандық спортшы Рахат Бекболат Өзбекстанда өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында «Серпе көтеру» жаттығуында әлемдік рекорд орнатты. Қызылорда ауыр атлетика мектебінің тәрбиеленушісі қоссайыс қортындысы бойынша 356 келі (158+198) көтеріп, қарсыласынан 14 келіге озып кетті. Осылайша, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды. Екінші орын ирандық Аболфази Хакнурда – 342 келі (154+188), үшінші орынды өзбек Азимджон Ходжиев иеленді, ол қоссайыс қорытындысы бойынша 333 келі көтерді (152 + 181). Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына Азия құрлығының 20 елінен 14 әйелдер және 18 ерлер командасы қатысты. Қазақстаннан 10 спортшы қатысқан болатын, олардың барлығы жүлделі орындарға ие болды. Жалпы, біздің командада 9 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль бар.