Президент ауылдағы мектептерге интернет желісін жеткізуді тапсырды

Президент ауылдағы мектептерге интернет желісін жеткізуді тапсырды

Президент ауылдағы мектептерге интернет желісін жеткізуді тапсырды
ашық дереккөзі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысына «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының 2019 жылғы қортындылары жайында баяндалып, Smart sity тұжырымдамасының орындалу барысы, «Смарт Ақкөл» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Сонымен қатар Қуанышбек Ескеев Қазақстан Президентіне «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының «Kcell» және «Tele2» компанияларының акцияларын сатып алғаны, олардың жұмысын интеграциялау шаралары, мобильді қызмет жобасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасына елдімекендерді толықтай мобильді байланыспен қамтамасыз етіп, ауылдардағы мектептер мен медициналық пунктерге интернет желісін жеткізуді, сондай-ақ, олардың бағасын қымбаттатпауды тапсырды.