Алматыда сүйектің қатерлі ісігіне шалдыққан 45 балаға күрделі ота жасалды

Алматыда сүйектің қатерлі ісігіне шалдыққан 45 балаға күрделі ота жасалды

Алматыда сүйектің қатерлі ісігіне шалдыққан 45 балаға күрделі ота жасалды
ашық дереккөзі
Республикалық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында балалардағы остеосаркомалар кезінде ірі буындарды эндопротездеу бойынша бірегей операциялар жасалуда, деп хабарлады Педиатрия орталығының баспасөз қызметі.  Остеосаркома – сүйектің сирек кездесетін қатерлі ісігі. Бұл дерт 10 жастан асқан балаларда жиі кездеседі. Елімізде жыл сайын остеосаркома ауруына шамамен 15 жасөспірім шалдығады. Барлық остеосаркоманың 50 пайыздан астамы тізе буынына жақын орналасқан. Соңғы жылдары сүйек ісіктері кезінде жоғары мөлшерлі химиотерапияны енгізудің арқасында метастазаның төмендеуі байқалады. Бұл көптеген жағдайларда (90%-дан астам) зақымданған аяқты сақтауға мүмкіндік берді. Яғни, жоғарыда аталған патологиясы бар балалардың аяқ-қолын кеспейді. «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында балалар мен жасөспірімдердің сүйек саркомасы кезінде эндопротездерді қолдану арқылы аяқ-қолды сақтап қалу бойынша ота жасау 2012 жылдан бері жүргізіледі. Орталықтың заманауи модульдік эндопротездерді сатып алу мүмкіндігінің және қарқынды жоғары мөлшерлі химиотерапияны қолданудың арқасында органсақтаушы әдіспен ота жасаудың мүмкіндігі артты. Сондай-ақ балалардағы остеосаркоманы біріктіріп емдеу нәтижелері де жақсарды. Айта кетсек, онкологиялық эндопротездер ортопедиялық протездерге ұқсас емес, ерекше мегапротездер болып табылады. Қазіргі таңда хирургиялық емдеудің осы түрі остеосаркомаға шалдыққан балалардың 90%-дан астамына жасалады, ол өз кезегінде баланың әлеуметтік бейімделуі мен оның өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік туғызып отыр» - дейді онкохирург Бахрам Жұмаділлаев. Аяқ-қолды сақтай отырып ем аяқталғаннан кейін жалпы сауығып кету жағдайлары елімізде 70 пайыз. Бұл нәтиже остеосаркоманы зерттеу жөніндегі халықаралық мультиорталықтар нәтижесінің деректерімен сәйкес келеді. Соңғы 5 жыл ішінде Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ірі буындарды эндопротездей отырып (тізе, иық, жамбас) остеосаркома кезінде дене мүшесін сақтап қалу бойынша 45 ота сәтті жасалды. Сондай-ақ балалардың аяқ-қолдарымен қоса, олардың өмір сүру сапасы да жақсарды.