Көктемгі су тасқынына дайындық күшейді

Көктемгі су тасқынына дайындық күшейді

Көктемгі су тасқынына дайындық күшейді
ашық дереккөзі
Алматы облысының күштік құрылымдары көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтуде. Азаматтық қорғаныс саласы бойынша 3,5 мыңнан астам адам арнайы топтарға жұмылдырылып, барлық құралдармен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда облыс аумағында 76 су қоймасы, 117 тоған, 21 бөгет, 35 су торабы, 158 магистралды канал бар. Бұл құрылыстарда тұрақты мониторинг жүргізіліп, су тасқыны жағдайын бақылау үшін 96 гидробекет қойылған. Қазіргі таңда арықтар мен каналдардың, суағар құбырлардың арналары тазартылып, халықты ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда. «Төтенше жағдай орын алған жағдайда шұғыл шығындар салдарын жоюға облыс бюджетінен 1,2 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр», – дейді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Ахашов. Сондай-ақ, бірінші кезекте қажетті заттар қоры дайындалған. Атап айтқанда 265 шатыр, 1200 төсек, 8,4 мың дана төсек жабдықтары сақадай сай тұр. Шұғыл эвакуациялауға 50 қабылдау орны белгіленіп, 122 дана су соратын мотопомпа қарастырылған.