15 Ақпан, 13:52 322 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1523-ке жетті

Қытайда COVID-19 коронавирусын жұқтырған науқастардың жалпы саны  66 492 адамға жетті. Аталмыш індеттен елде 1523 адам көз жұмды. Бұл туралы Қытай денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Өткен тәулік ішінде Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 2 641 адамға, инфекциядан қайтыс болғандар саны 143-ке артты.

Індет ошағы саналатын Хубэй провинциясында күніне орта есеппен 2420 адам коронавирус жұқтыруда.

Қытайдың мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің хабарлауынша, Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы Ухань қаласында соңғы 24 сағат ішінде коронавирус ауруынан 107 адам қайтыс болды, 1923 жаңа инфекция анықталды.

Қытайлық дәрігерлер жаңа, кеңейтілген диагностикалық әдісті қолдана бастағаннан кейін, елде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны күрт өсті. Осы әдіске сәйкес, қытай дәрігерлері коронавирустық инфекцияны басқа зерттеулердің нәтижелерін күтпей-ақ, компьютерлік томография деректері негізінде растай бастады.

 

Соңғы жаңалықтар