14 Ақпан, 15:04 466 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Қазақстанда 5 мың мұғалім жетіспейді

Сурет интернеттен алынды
Сурет интернеттен алынды

Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сүйенсек, жыл сайын педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарын 40 мың түлек тәмамдағанмен, ұстаздар жетіспеушілігі әлі жойылмаған, деп хабарлайды "Алматы" арнасы. 

Бүгінгі таңда 145 мың студент ұстаз мамандығы бойынша білім алып жатыр. Сондай-ақ  ең үздік мектеп түлектерінің арасында мұғалім мамандығына айтарлықтай сұраныс жоқ. Ведомство басшысының айтуынша, талапкерлерді педагогикалық мамандықтарға тарту үшін өткен жылы бірқатар нақты шаралар қабылданған.

Мәселен, 2019 жылы педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл 60 балға дейін өсті. Ендігі кезекте 2020 жылы шекті балды 70 балға дейін арттыру жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар