"Қазгидромет" еліміздің төрт өңірінде көктайғақ болатынын ескертті

"Қазгидромет" еліміздің төрт өңірінде көктайғақ болатынын ескертті

"Қазгидромет" еліміздің төрт өңірінде көктайғақ болатынын ескертті
ашық дереккөзі

Қазақстанның төрт өңірінде ауа райы бұзылады деп болжанып отыр. 

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 14 ақпан күні Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райына байланысты болжамның дәлдігі 90-95%. Қостанай облысының кей жерлерінде 14 ақпанда жаяу бұрқасын болып, тұман түседі.

Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде секундына 18 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Орал қаласында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда облысының бірқатар аумағында көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 жылдамдықпен жел соғады.

Метеорологтардың айтуынша, алдағы күндері Қазақстанда аяз күтілуде. Бірқатар өңірде ауа температурасы, тіпті, 25-33 градусқа дейін төмендемек.