Ерлан Атамбай жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Атамбай жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Атамбай жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
"Қазақстан" РТРК" АҚ филиалы "Kókshe" телеарнасының директоры қызметіне Ерлан Атамбай тағайындалды.  Ерлан Нұрбайұлы Атамбай – қазақ телевизиясында 20 жылға жуық қызмет етіп келе жатқан маман. "Қазақстан" телерадиокорпорациясындағы еңбек жолын 2013 жылы бастады. "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасының Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының Бас редакторы, "Қазақстан" РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті конвергенттік редакциясының жетекшісі қызметтерін атқарды. Бұған дейін Е.Атамбай "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры қызметін атқарып келді.