Жапония жағалауында карантинге жабылған кемеде төрт қазақстандық бар – министрлік

Жапония жағалауында карантинге жабылған кемеде төрт қазақстандық бар – министрлік

Жапония жағалауында карантинге жабылған кемеде төрт қазақстандық бар – министрлік
ашық дереккөзі
Жапония жағалауында коронавирусқа байланысты карантинге жабылған Diamond Princess круиздік лайнерінде төрт қазақстандық бар екені белгілі болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  "Diamond Princess круиздік лайнерінде 50 елдің 3700 азаматы карантинге алынды. Коронавирус жұқтырған 174 адам тіркелді. Лайнерде Қазақстанның төрт азаматы бар. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, зертханалық зерттеулердің нәтижелері іске қосылды", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп брифингте. Оның айтуынша, карантин 19 ақпанда аяқталады екен.