Кедендегі қитұрқылық: Өзбекстаннан Қазақстанға орангутанг пен гиббон алып өтпек болғандар ұсталды

Кедендегі қитұрқылық: Өзбекстаннан Қазақстанға орангутанг пен гиббон алып өтпек болғандар ұсталды

Кедендегі қитұрқылық: Өзбекстаннан Қазақстанға орангутанг пен гиббон алып өтпек болғандар ұсталды
ашық дереккөзі
Өзбекстаннан Қазақстанға маймылдың бірнеше түрін контрабандалық жолмен алып өтпек болған азаматтар ұсталды. Айлакерлер орангутанг пен қара гиббонды біздің елде сатуға ниеттенген. Бұл туралы Өзбекстанның Мемлекеттік кеден комитетіне сілтеме жасап «Хабар 24» хабарлады. Жалпы былтыр Түркістан облысымен шектесетін бір ғана Гишткуприк бекетінде тауарларды тасымалдау ережесін елемеген 162 дерек тіркелсе, жыл басынан осындай 21 факті анықталды. Адамдар заңның ала жібін аттап, шекарадан көбіне бағалы әшекей бұйымдар мен биологиялық белсенді қоспаларды өткізбек болады. Мәселен, былтыр бір келіншек алтынды баланың «памперсіне» салып өтпек болған. "Көбіне адамдар декларация толтырмай, әшекей бұйымдарды белгіленген нормадан артық өткізуге әрекет жасайды. Осылайша кедендік төлемдер төлеуден жалтарады. Мұндай деректерді күн сайын әртүрлі бекеттерде анықтап жатамыз. Бұл қылмыс үшін бізде әкімшілік жауапкершілік те, қылмыстық жаза да қарастырылған", - дейді  Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитеті басқармасының бастығы Рустам Кобулов.