Қордайдағы жанжал, қордаланған мәселе

Қордайдағы жанжал, қордаланған мәселе

Қордайдағы жанжал, қордаланған мәселе
ашық дереккөзі
Өткен жұмада Жамбыл облысының Қордай ауданы, Масанчи ауылында тұрмыстық жанжалдан басталған жаппай тәртіпсіздік елді дүрбелеңге салды. Оқ атылып, қан төгілді, өрт тұтанды. Оқиғаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей өз бақылауына алып,  аймақ­тағы тыныштық пен тұрақтылықты қалпына келтіру үшін Үкіметтік комиссияны Қордайға аттандырды.

 Ағайынды  арандатқан атой

 Жамбылдағы жанжалдан соң дерек-дәйегінен гөрі болжамы көп пі­кірлер айтылды. Бейресми мәлі­меттер кикілжің о баста қазақ пен дүнгеннің жол үстіндегі төбеле­сі­нен басталған дегенді алға тартады. 80 жастағы қа­рия­ны ауруханаға апара жатқан екі ұлы тасжолда жол ережесіне бағын­ғысы келмей, тәртіпсіздік танытқан дөрекілерге тап болады. Олардың тәртіпсізді­гіне қарсылық танытқан қария мен ұлдарын әлгілер соққыға жық­қан. 5 ақпан күні болған осы оқи­­ғаның ертеңіне тәртіп сақшы­лары жол­дағы қауіпсіздікті жіті бақы­лауға алып, жүргізушілердің құ­жатын тек­сере бастайды. Полиция тоқтат­қан автокөліктің біріне мінген бір топ дүн­ген жол сақшы­ларының талабын орындаудан бас тартқан. Бұзақылар полиция қыз­меткер­леріне қол кө­теруге дейін барған. Сол сәт таспа­ланған бейне­жаз­ба­ның әлеуметтік желіде тарауы жер­гілікті тұрғындар­дың ашуын туғыз­ғанға ұқсайды. 80 жас­тағы ақса­қал­дың және тәртіп сақ­­шыларының соққыға жы­ғылуын дүн­геннің бар қазаққа көр­сеткен қы­сас­тығы деп жорыған аран­датушылар же­ліде жанжал шоғын үрлеп, екі тарапты бір-біріне қарсы қойған. Арандатудың ақыры жаппай тө­бе­лес­ке ұласты. Тәртіп сақ­­­шылары­ның бөгетін бұзып, Масанчи мен Бұлар ба­тыр ауылдарына ентелей кіргендер оқ ат­қан, жолында кездескен үйлер мен ғи­мараттарға от қойған. Қақтығыс сал­дарынан 10 адам қаза тауып, 40 адам ауруханаға түсті. 36 үй, 20-дан аса көлік отқа оранды. Тәр­тіп сақ­шылары 47 адамды қамауға ал­ды. Кейіннен мән-жай анықталған соң ұс­талғандардың 44-і босатылды. Қордай ауданында болған оқиғаның салдарын жою мақ­сатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкіметтік комиссия құрылған бо­ла­тын. Комиссия алдында ки­кілжің себептерін анықтау, сон­дай-ақ әлеуметтік-эко­номикалық және гу­манитарлық сипаттағы мәсе­ле­лерді шұғыл шешуді қамтамасыз ету, келтірілген залал көлемін ба­ғалау міндеттері қойылды.

Тұрғындар қауіпсіздігіне  қауіп жоқ

Жамбыл өңіріне арнайы кел­ген Үкімет комиссиясы Қордай ауда­нындағы Масанчи, Ауқатты, Сортөбе елді мекендеріндегі жағдаймен танысты. Тұр­ғын үйлерді, әлеуметтік және комме­р­ция­лық нысандарды аралады.  Нә­тижесінде, жер­гілікті жерде әлеу­меттік-экономикалық жә­не гума­ни­тарлық сипаттағы мәселелерді шешу бойынша шұғыл шаралар қабыл­данды. Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев Қарасу және Сор­төбе шекара пункт­терінің, оның ішін­­де санитариялық-эпи­демио­ло­гиялық қызметтердің жұмыс барысын да көріп, аудандағы қауіп­сіз_дік­ті қам­­тамасыз ететін құқық қор­­ғау органда­ры­ның жеке құра­мымен сөйлесті. Президент тапсырмасы бойынша  Жамбыл об­лы­сы­н­ың әкімдігімен бірлесіп, қаза тап­қандарды жерлеуді ұйымдас­тыру, келтіріл­ген залалды бағалау жұмыстары атқа­рыл­ды. Есеп-қисап жа­салған соң зардап шеккен нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары заң шеңберінде қолға алынбақ. Бүгінде Қордайдағы жағдай тұрақ­талды. Жаппай тәртіп­сіз­­діктен соң үрей­леніп, үй-күй­ле­рін тастап, қазақ-қыр­ғыз шекарасына қарай қашқан Масанчи тұр­ғын­дары көп ұзамай ауылға қайта орал­­ды. Үкіметтік комиссия түсін­діру жұ­мыс­тарын жүргізіп, оларға ешқандай қауіп төніп тұрмағанына кепілдік берді. «Сіздерге қауіптенетіндей еш не­гіз жоқ. Денсаулықтарыңыз бен өмір­леріңіз құқық саласы қыз­мет­керлерінің жіті бақылауында болады. Сондықтан барлығыңыздың үй­ле­ріңізге оралуларыңызды сұ­рай­мын. Осы-ны туған-туыс, жа­қындарыңызға жет­кіз­сеңіздер. Ауыл­дарыңызда болған жағ­дайға жауаптыларды толықтай анықтап, жауапкершілікке тартатын боламыз», – деді Бер­дібек Cапарбаев.

Жауаптылар  жазаланды

Қордай ауданындағы оқи­ғаға байланысты 25-тен ас­­там қылмыстық іс қозғалды. Бұл ту­ралы Ішкі істер министрлігі Тер­геу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді. «Қылмыстық істерді тергеуге тоқталсақ, қа­зіргі уақытта Жамбыл об­лысы Полиция депар­та­ментінің аумақтық бөлім­шелері 25-тен ас­там қылмыстық іс қозғады. Осы тұр­ғыда жаппай тәртіпсіздік, жаппай тәр­тіпсіздікті ұйымдастыру мен оған қатысу бабы қамтылған. Содан кейін жаппай тәртіпсіздікке қатысуға үндеу жасау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алтыдан астам іс бұза­қылық фактілеріне қатыс­ты қоз­ғалды. 3 қылмыстық іс бөтеннің мүлкін зақымдау фактісі бойынша, 10 іс кісі өлтіру фактісі, сон­дай-ақ 2 іс адам өл­тіру­ге оқталу дере­гіне қа­тысты қозғалды», –деді Әділов Үкімет үйінде тілшілер сауалына жауап бере отырып. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Бас прокуратура­ның, Ішкі істер ми­нистр­лігінің және басқа да құқық қорғау орган­дарының ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздік, адам өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Аталған істер бойын­ша қазіргі уақытта қамауға алынған адамдар бар. Заңнама т­а­лап­тарына сай министрлік әзірге тергеу мәліметтері, ұсталғандар жайлы деректер жарияланбайтынын қадап айтты. Бастысы, айыптылар анықталып, тиісті жазасын ала­тынына сендірді. Қызметіне салғырт қараған өңір ат­қа­мінерлері де жазасыз қал­ған жоқ. Дүйсенбі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен  Жамбыл облысы әкімінің әлеуметтік мә­селелер жөніндегі орынбасары С.Құр­ман­бекова, Қордай ауданының әкімі Б.Байтөле, Жамбыл облысы Полиция де­пар­таментінің бастығы А.Оразалиев және Қордай аудандық полиция бөлімінің бас­тығы А.Айқымбеков қызметінен алынды. Ал облыс басшысы Асқар Мырзах­метов өз еркімен отставкаға кет­ті. Облыс акти­він­де сөз алған әкім:  «Өкінішке қарай, Қор­дай ауданында қайғылы жағдай орын алды, бір­неше азамат қаза болып, 170-тен астам адам жарақаттанды. Бұл тек жамбыл­дық­тарға ғана емес, барша елімізге оңай тимеді. Осы тұрғыда мен облыс әкімі ретінде жұ­м­ысты жалғастыру моральдік тұрғыда ауыр деп есеп­­тедім. Сон­дықтан Пре­зидентке өз еркіммен отстав­каға кету туралы өті­ніш жаз­дым. Шеші­мімді қабылдаған Мем­ле­кет басшысына рақмет», – деді А.Мыр­­­зах­метов. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Жар­­­лы­­ғымен Жам­был облысы әкі­мі қызметіне Бердібек Сапарбаев та­ғайындалды. Өңір­дегі ахуалды тұрақ­­тан­дырып, оқи­ғаның салдарын жоюды өз мойнына алған Бердібек Маш­бекұ­лын қыруар жұмыс күтіп тұр.   Ғарифолла ЕСІМ,  ҰҒА академигі, философия ғылымының докторы, профессор:

Немқұрайлық – түбімізге жететін ең жаман әдет

– Қордайдағы түйткілдің түп тамыры жергілікті халықтың тұрмысының төмендігінде жатыр ма деп ойлаймын. Ба­сын­дағы мәселесі шешілмеген, өкпе-реніші тарқамаған адамдар ашу­шаң, жанжалға жақын келетіні тарихтан мәлім. Жергілікті атқамінерлер, аудан, ауыл әкімдігі, полиция қызметкерлері аймақты аралап, жергілікті халықтың мұң-мұқтажына құлақ түр­се, түйткілді мәселелерді анықтап, кикілжің тудыруы мүмкін мәселелердің алдын алу шараларын қолға алса, мұндай оқиға болмас еді деп ойлаймын. Бұл сеніммен тапсырылған іске, ел тағдырына салғырттықпен қараудың салдары.  Немқұрайлық – түбімізге жететін ең жаман әдет. Тағы бір ескерілуі тиіс жайт – жергілікті халықтың ерекшелігі. Әртүрлі мәдениеттің тоғысқан жерінде ортақ ұғым, ортақ құндылықтар қалыптасты ма?  Ол ұғымдар заман талабына жауап берді ме? Білім беру, тәрбие беру жүйесінде «Біз – қазақ елінің азаматымыз, Қазақстанға қызмет етуіміз керек» деген түсінік бар ма? Шаңырағымыздың біреу, мақсат-мүддеміздің ортақ екенін сезіндіру үшін балабақшаларда, мектептерде қандай жұмыстар жүргізілді? Міне, қордаланған мәселелерді шешу үшін осы сауалдарға жауап іздеуіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «бізге халық үніне құлақ түретін мемлекет қажет». Шенділер елдің ортасында жүрсе, әлеуметті алаңдатқан мәселелерді тыңдаса, оларды шешуге күш салса, халық ашуға берілмес еді. Ай-күннің аманында бейбіт елдің тұрғындары бір-біріне қарсы шықпас еді.  Қордайдағы оқиғадан еліміздің барлық атқамінерлері, мемлекеттегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке жауапты басшылар қорытынды шығарар деп үміттенемін.    Шакир ХАХАЗОВ, Мәжіліс депутаты, «Юнчи» дүнгендер этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы:

Ынтымағы ажыраған елдің  ырысы ортаяды

– Қордайдағы оқиғаның себебін анықтау, салдарын жою үшін құрылған Үкіметтік комиссияның құрамына еніп, жаппай тәртіпсіздік болған өңірдегі жағдайды көзбен көріп қайт­тық. Біз келген уақытта аудандағы ахуал біршама тұрақ­тал­ған. Қырғыз Республикасын бетке алғандарды шекарадан кері қайтарып, үйлеріне оралуға жағдай жасалды. Десе де, жергілікті халықтың көзінде үрей, алаңдаушылық байқалады. Тұрғындармен кездесу өткізіп, сабырға, бейбітшілікке ша­қырдық. Қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге уәде бердік. Мемлекетіміздің ең басты бай­лығы бірлік емес пе? Бірлігі жоқтың тірлігі өнбейді. Ынтымағы ажыраған елдің ыры­сы ортаяды. Бір қарын майды бір құмалақ шірітетіні іспетті бір тентектің ісі бір қауым елдің берекесін кетірді. Бұл оқиға бүкіл қазақстандықтарға сабақ болып, мемлекеттегі тұрақ­тылық пен тыныштыққа қауіп төндіретін істерден аулақ болсақ екен деймін.