«Оскар-2020» сыйлығының иегерлері анықталды

«Оскар-2020» сыйлығының иегерлері анықталды

«Оскар-2020» сыйлығының иегерлері анықталды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында жыл сайын өткізілетін «Оскар» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Осымен 92-рет ұйымдастырылған аталмыш киножүлдені табыстау рәсімі қызықты жайттарға толы болды. Киножүлде тарихында «Үздік кино» атағын тұңғыш рет ағылшын тілінде таспаланбаған кино ұтып алды. Сондай-ақ, аталмыш іс-шара «Оскар» тарихында үшінші рет жүргізушісіз өтті. Жалпы саны 25 номинация бойынша топ жарғандар тізімі келесідегідей: «Үздік фильм» номинациясы: «Паразиттер» фильмі «Үздік актриса» номинациясы: Рене Зеллвегер («Джуди» фильміндегі рөлі үшін) «Үздік актёр» номинациясы:  Хоакин Феникс («Джокер» фильміндегі рөлі үшін) «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы: Пон Чжун Хо («Паразиттер» фильмі) «Екінші пландағы үздік актер» номинациясы: Лора Дерн («Неке тарихы» фильміндегі рөлі үшін) «Екінші пландағы үздік актер» номинациясы: Брэд Питт («Бір күні Голливудта» фильміндегі рөлі үшін) «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы: Пон Чжун Хе, «Паразиттер» фильмі «Үздік түпнұсқалық сценарий» номинациясы: Пон Джун-хо және Хан Джин-вон («Паразиттер») «Үздік бейімделген сценарий» номинациясы: Тайка Вайтити («Джоджо қоян» фильмі) «Үздік анимациялық толықметражды фильм» номинациясы: «Ойыншықтар тарихы 4» мультфильмі «Үздік деректі фильм» номинациясы:  «Америкалық зауыт» деректі фильмі «Үздік шетелдік көркем фильм» номинациясы: «Паразиттер» фильмі (Оңтүстік Корея) «Фильмге жазылған үздік ән» номинациясы: «(I'm Gonna) Love Me Again» («Рокетмен» фильмі, Элтон Джон мен Берни Топиннің орындауында) «Фильмге жазылған үздік музыка» номинациясы: Хульдир Гуднадоуттир, («Джокер» фильмі) «Үздік визуалды әсер» номинациясы: Грег Батлер, Гийом Рошерон, Доминик Туохи («1917» фильмі) «Үздік монтаж» номинациясы:  Майкл МакКаскер, Эндрю Бакланд, («Ford Ferrari-ге қарсы» фильмі) «Костюмдердің үздік дизайны» номинациясы:  Жаклин Дурран («Кішкентай әйелдер») фильмі «Үздік дыбыс монтажы» номинациясы:  Дональд Сильвестер, («Ford Ferrari-ге қарсы») фильмі «Үздік дыбыс» номинациясы:  Марк Тэйлор, Стюарт Уильсон, («1917») фильмі «Үздік операторлық жұмыс» номинациясы:  Роджер Дикинс, («1917» ) фильмі «Үздік суретші жұмысы» номинациясы:  Барбара Линг, Нэнси Хэй («Бір күні Голливудта» фильмі) «Үздік грим және шаш үлгісі» номинациясы:  Казу Хиро, Энн Морган, Вивиан Бейкер, («Жанжал» фильмі) «Үздік қысқаметражды ойын фильм» номинациясы: «Көршілердің терезесі» фильмі «Үздік қысқаметражды анимациялық фильм» номинациясы:  «Hair Love» фильмі «Үздік қысқаметраджы деректі фильм» номинациясы:  «Әскери әрекет аймағында скейтборд тебуді үйрену (Егер қыз болсаңыз)» фильмі

Әлия Тілеужанқызы