Түркиядағы ұшақ апаты: СІМ жарақат алған қазақстандықтардың жағдайы туралы хабарлады

Түркиядағы ұшақ апаты: СІМ жарақат алған қазақстандықтардың жағдайы туралы хабарлады

Түркиядағы ұшақ апаты: СІМ жарақат алған қазақстандықтардың жағдайы туралы хабарлады
ашық дереккөзі
Ыстамбұлдағы ұшақ апаты кезінде жарақат алғандар арасында еліміздің екі азаматы бар.  Отандасымыздың бірі дәрігерлердің тексеруінен кейін ауруханаға жатудан бас тартқан. Ал екінші азаматымыз қысқа ем-дом алып, ауруханадан шықты. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Еске сала кетейік, кеше Pegasus Airlines компаниясына тиесілі ұшақ Ыстамбұл әуежайына қонар кезде апатқа ұшырап, 3 жолаушы қайтыс болды. Тағы 179 кісі жарақат алды. Әуе лайнері қона бергенде тұмсығымен жолақты сызып, үш бөлікке бөлінген. Төтенше оқиға кезінде ұшақ бортында 183 адам болған. Оның алтауы экипаж мүшесі. Апаттың себебі анықталуда.