Ухань қаласынан келген қазақстандықтар коронавирус жұқтырмаған – Бас санитар

Ухань қаласынан келген қазақстандықтар коронавирус жұқтырмаған – Бас санитар

Ухань қаласынан келген қазақстандықтар коронавирус жұқтырмаған – Бас санитар
ашық дереккөзі
Қытайдың Ухань қаласынан эвакуацияланған қазақстандықтардың жағдайы тұрақты. Бұл туралы ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.  «Кеше Ухань қаласынан 89 адам эвакуацияланды. Олардың арасында 83 қазақстандық (олардың 80-і студент), 5 Беларусь азаматы және бір Армения азаматы бар. Олардың барлығынан сынама алынды, жағдайлары қанағаттанарлық. Дене қызуы қалыпты, шағым жоқ. Келгендердің ешқайсынынан коронавирус табылмады. Бұл зертханалық түрде дәлелденді. Соған қарамастан, оларды барлығы 14 күн карантинде болады», – деді Ж. Бекшин брифингте. Айта кетейік, кеше ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы ҚХР Ухан қаласында жүрген 83 қазақстандықты, оның ішінде 80 студентті елге жеткізді. Олар елордадан 7 шақырым жерде орналасқан көпбейінді аурухана жанындағы инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпуста 14 күндік карантинге жатқызылды.