Исламхан "Аль-Айн" клубы сапындағы дебютті матчын өткізді

Исламхан "Аль-Айн" клубы сапындағы дебютті матчын өткізді

Исламхан "Аль-Айн" клубы сапындағы дебютті матчын өткізді
ашық дереккөзі

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан "Аль-Айн" клубындағы алғашқы матчін өткізді, деп хабарлайды  Sports.kz.

Исламханның командасы өз алаңында "Аль-Васл" клубын 5:0 есебімен жеңді. Қазақстандық футболшы ойынның қосымша 94 минутында Джамал Маруфке нәтижелі пас беріп, көзге түсті. Оның көмегімен салынған гол ойынның соңғы нүктесін қойған.

Айта кетсек, Бауыржан Исламхан 71 минутта Ахмед Барманды алмастырған. Сондай-ақ "Аль-Айн" командасы бір адамға кем ойнаған. Алайда бұл олардың сенімді жеңісі мен турнир кестесінде екінші орынға көтерілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан құрамасының капитаны әрі алматылық "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы Бауыржан Исламхан Біріккен араб әмірліктерінің чемпионатында өнер көрсететін "Аль-Айн" клубына ауысқанын мәлімдеген.

"Аль-Айн" жейдесінде өнер көрсететінім үшін бақыттымын. Әрбір ойында клубтың намысын қорғау үшін барымды салуға уәде беремін. Мен бұның маңыздылығын жақсы түсінемін. "Аль-Айн" қайда болса да үлкен беделге ие ұжым. Дәл осы клуб 2018 жылы клубтар арасындағы әлем чемпионатында мадридтік "Реалға" қарсы жақсы ойын үлгісін көрсетті, - деді ол.