Қытайда тағы бір инфекциялық дерт тарады

Қытайда тағы бір инфекциялық дерт тарады

Қытайда тағы бір инфекциялық дерт тарады
ашық дереккөзі

Қытайдың Хунань провинциясында H5N1 жұқпалы құс тұмауы тіркелді, деп хабарлайды РИА Новости

Аталған провинция Хубэй провинциясымен шекаралас. Жоғары патогенді құс тұмауы фермалардың бірінде табылды. Ауру салдарынан ондағы барлық қанаттылардың жартысынан астамы қаза болды. Адам жұқтырғаны туралы әзірге хабарланған жоқ. Құс тұмауы - А(H5N1) вирусынан туындайтын жұқпалы инфекциялық ауру. Ол қалтырау, температураның 38 градус Цельсияға дейін көтерілуі, бұлшық ет және бас аурулары, тамақтың ауыруы сынды белгілермен басталады. Сондай-ақ, жұқтырған адам бірнеше рет құсуы да мүмкін. Науқастың жағдайы тез нашарлайды. 2-3 күннен кейін ылғалды жөтел пайда болады, жиі қан кетіп, ентігеді. Содан кейін тыныс алу қиындап, бауыр, бүйрек және ми зақымдануы мүмкін. Құс тұмауы тез таралатын, өлім қаупі жоғары вирус. Адамға берілу жолдары: тірі немесе өлі құстармен тығыз байланыста болғанда, сондай-ақ, ауру құс еті мен жұмыртқасын жеткілікті термиялық өңдеусіз тамаққа қолданғаннан кейін жұқтырады.