Коронавирус: Қытайдан тыс жерде алғашқы өлім тіркелді

Коронавирус: Қытайдан тыс жерде алғашқы өлім тіркелді

Коронавирус: Қытайдан тыс жерде алғашқы өлім тіркелді
ашық дереккөзі
Филиппинде 44 жастағы ер адам 2019 коронавирустан көз жұмды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Филиппин бөлімшесі твиттерде хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, ер адам Ухань қаласынан келген. Ол Филиппинде осы вирусқа шалдыққан екінші адам болған. Айта кетейік, соңғы дерек бойынша Қытайда коронавирус дертінен қайтыс болғандар саны 304 адамға жетті. Қазір 2019 nCoV вирусын 14380 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы Қытайдың Денсаулық мәселелері жөнінен мемлекеттік комитеті хабарлады.