Оқтаумен қасқыр алған қазақ әйелі

Оқтаумен қасқыр алған қазақ әйелі

Оқтаумен қасқыр алған қазақ әйелі
ашық дереккөзі
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы Қызылтас қыстағында болған жағдай елді елең еткізді. Бұл оқиғаның дүбірі атажұрқа да жетті. Оқиға былай болған: Серік Ікейұлы есімді азаматтың 22 қаңтар күні түнде иті үрген. Иттің неге үріп тұрғанын білгісі келген Серік сыртқа шығып мал қораның маңына жете бергенде алдынан арс етіп қасқыр шыға келіпті. Бетпе-бет келіп қалған көкжал Серікке қарай ұмтылады. Арыстан жүректі Серік те қарманып, қасқырдың құлағынан ұстап алған соң үйдегі әйелін айқайлап көмекке шақырады. Сасқалақтаған әйелі үйден оқтау алып шығып, қасқырды төмпештей жөнеледі. Әйтеуір ұрғылап жүріп өлтірген. Тек отағасы Серіктің қолы аз-кем жарақат алғаны болмаса, қалғаны дұрыс.