Қасым-Жомарт Тоқаев Ғалымжан Пірматовты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғалымжан Пірматовты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғалымжан Пірматовты қабылдады
ашық дереккөзі
Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады. Кездесу кезінде Ғалымжан Пірматов Мемлекет басшысына уран өндіруші компанияның 2019 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары және оны дамытуға арналған алдағы жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы ұжымдық басқару, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері компания жұмысының басым бағыты екенін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания өзінің өндірістік және қаржылық мақсаттарын табысты жүзеге асыруының арқасында әлемде уран сату бойынша қатарынан екінші жыл көшбасшылық орнын сақтап қалғаны жайында мәлімет берілді.