Министр коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханада жатқан 38 адамның жағдайын айтты

Министр коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханада жатқан 38 адамның жағдайын айтты

Министр коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханада жатқан 38 адамның жағдайын айтты
ашық дереккөзі

Коронавирус жұқтырды деген күдікпен инфекциялық стационарларға жатқызылған 38 адамда қауіпті вирустың бар-жоғы әлі анықталмаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. 

Қазіргі уақытта министрлік келген азаматтардың барлығын бақылауда ұстап отыр. Олармен байланыс орнатылып, денсаулық жағдайы, әсіресе, дене қызуы анықталуда. Сондай-ақ, мамандар елге ұшып келгендерді тепловизормен тексеріп жатыр.

Тексеріс жұмыстарынан соң коронавирустық инфекция жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілініп, 54 адам ауруханаға жатқызылған.

Бүгінде олардың 38-і инфекциялық стационарларда қалып отыр. Науқастарға қатысты бақылау күшейтілген. Ал қалған азаматтар коронавирус расталмағандықтан, ауруханадан шығарылды.

Бақылауға алынған барлық азаматтардың биоматериалдары Алматыға жіберілді. Қазір оларды қос орталық- ерекше қаупі бар инфекциялар ұлттық орталығы және биотехнология орталығы зерттеп жатыр.

Дәл сонда медицина қызметкерлері ДДСҰ әдісі бойынша коронавирусты анықтайды.

Әзірге сараптама қорытындылары дайын емес. Олар шыққан соң бақылаудағы азаматтарға қандай ем қолданылатыны белгілі болады.