Джек Ма коронавирусқа қарсы екпе жасап шығаруға 14 млн доллар бөлді

Джек Ма коронавирусқа қарсы екпе жасап шығаруға 14 млн доллар бөлді

Джек Ма коронавирусқа қарсы екпе жасап шығаруға 14 млн доллар бөлді
ашық дереккөзі
Белгілі қытайлық кәсіпкер, Alibaba Group негізін қалаушы Джек Ма коронавирус індетіне қарсы екпе жасап шығару үшін 100 млн юань (14 млн доллар) бөлді.  ҚазАқпараттың хабарлауынша, қаражат Қытай инженерлік ғылымдар академиясы мен Қытай ғылым академиясына, шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелеріне берілген. Alibaba Group «ми орталықтарына» коронавирусқа қарсы екпе әзірлеу бойынша зерттеу үшін өзінің есептеу қуатын тегін береді. Сондай-ақ, ірі қытайлық компаниялар, атап айтқанда Huawei телекоммуникациялық жабдықтар мен смартфон өндірушісі, Tencent электрондық сауда компаниясы, TikTok (ByteDance) иесі де қайырымдылықпен айналысып жатыр. Қытай қаржы министрлігінің мәліметінше, қаржы органдары коронавируспен күресуге 3,9 млрд доллар бөлген. 30 қаңтардағы жағдай бойынша, Қытайда 7711 адам жаңа вирус жұқтырса, 170 адам көз жұмды. 124 адам емделіп шыққан.