Тоқаев еліміздің Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісіне тапсырма берді

Тоқаев еліміздің Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісіне тапсырма берді

Тоқаев еліміздің Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісіне тапсырма берді
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетейік, кеше Президент Жарлығымен  Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне Ермек Көшербаев тағайындалған болатын. Ол бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары болған.

Ал бұған дейін еліміздің Ресейдегі елшісі болған Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатылған еді.