Қазақстан-Қытай арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтайды

Қазақстан-Қытай арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтайды

Қазақстан-Қытай арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтайды
ашық дереккөзі
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев 3 ақпаннан бастап Қытай Халық Республикасымен тұрақты әуе қатынасы уақытша тоқтайтынын мәлімдеді. ҚазАқпараттың жазуынша, екі ел арасындағы тұрақты рейстерді қазақстандық «Эйр Астана», «SCAT» және қытайлық «China Southern Airlines», «Air China» әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы және Қытайдың Бейжің, Үрімші, Сиан, Санья, Хайкоу қалалары арасында (23 әуе рейсі) орындап келген еді. Тиісінше, осы рейстерге билет сатып алған жолаушылардың бәріне билеттің толық құны қайтарылады», - деді Талғат Ластаев. Қайтарылатын билеттер үшін айыппұл рәсімделмейді, билет құны толық көлемде қайтарылады. Қалып қойған жолаушыларды елге қайтару үшін Бейжің мен Үрімші қалаларынан қосымша рейстер ұйымдастырылады. Айта кетейік, бүгін ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады.