Қытайға демалуға барған қазақстандық туристер елге оралды

Қытайға демалуға барған қазақстандық туристер елге оралды

Қытайға демалуға барған қазақстандық туристер елге оралды
ашық дереккөзі

Қытайдың Хайнань аралына кеткен қазақстандық туристер елімізге  оралды. Қазақстан ғана емес, Ресей мен Қырғызстан азаматтары мінген ұшақ бүгін Алматы әуежайына қонды. 

Бүгін, 29 қаңтарда, қазақстандық туристер мінген SCAT әуе компаниясының ұшағы Хайкоу қаласынан оңтүстік астанаға ұшып келді.

Келгендердің бәрі медициналық бетперде киген. Туристердің айтуынша, коронавирус курорттағыларға қарағанда біздің елдегілерді қатты алаңдатқан. Келген туристерді Sputnik Қазақстан тілшілері қарсы алған.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Әуежай маңында жедел жәрдем көліктері тізіліп тұрған. Демалып келгендердің сөзіне сенсек, ұшақта ауру жұқтырғандар болмаған. Оның үстіне бәріне арнайы құралдың көмегімен тексерістен өткен.Бір жолаушы ер адам аралдың өзінен видео көрсеткен. Көшелерде тірі жан жоқ. Қазақстандық келген Хайкоу қаласында тіршілік иесі қалмаған сияқты көрінеді.

Отанына оралған тағы бір қазақстандықтың айтуынша, енгізілген карантиннің салдарынан барлық адамдар үйлерінде отыр. Ер адамның сөзінше, ол жақсы демалып, уақытынан ертерек қайтуды ойламаған. Аталмыш рейстің көптеген жолаушылары да осындай пікірде.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Тағы бір турист әйел Қытай аралында балаларымен демалғанын айтқан. Келіншектің сөзінше, ол коронавирус туралы ақпарат шықпай тұрып билет сатып алған. Дегенмен ол көрші елде не болып жатқанын біле тұра Қытайға барған.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Айтуынша, әйелде ешқандай қорқыныш сезімі болмаған, тек жақсы әсерде қайтқан. Десе де, соңғы екі күнде барлық экскурсиялар өтпей қалыпты.

Агенттіктің жазуынша, рейс 12 сағатқа кешіккен. Жолаушылардың айтуынша, туристерді ұзақ уақыт жинаған. Олардың сөзіне сенсек, аралдағы жағдай тұрақты.