Қытайда коронавирус індеті өрши түспек

Қытайда коронавирус індеті өрши түспек

Қытайда коронавирус індеті өрши түспек
ашық дереккөзі
Қытайда алдағы 1 аптаның ішінде коронавирус індеті өрши түспек. Жергілікті билік осындай мәлімдеме жасады.  Бүгінде дертті жұқтырғандармен байланысқа түскен 44 мыңнан астам адам дәрігерлердің жіті бақылауында. Мамандардың айтуынша, 1 науқастан дерттің 2-3 адамға жұғып, оны жеңіл жұқтырған адамның емделуіне 7 күн, ал ауыр халдегі кісінің жазылуына 2 аптадай уақыт қажет. Науқас дерттен айыққан соң да қоршаған ортаға қаупі бар-жоғы тексерілмек. Соңғы дерекке сүйенсек, Қытайда коронавирустан көз жұмғандардың саны 106-ға жетті. Індетті 4 мыңнан астам адам жұқтырған.