1,5 мың жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

1,5 мың жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

1,5 мың жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуын тексерді, – деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Өңірдің қадағалаушы органы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Елбасының пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырмасын орындау бойынша жұмыс атқаруда. Жалпы алаңы 1,3 млн гектардан астам 2,6 мыңға жуық пайдаланылмайтын жер және 62 мыңнан астам тіркелмеген жер учаскесі анықталды. 31 мыңға жуық учаскеде оларға құқық меншігі заңды түрде тіркелмеген жылжымайтын мүлік объектілері пайдаланылады. Қабылданған шаралардың арқасында жалпы алаңы 840 мың гектар құрайтын 1,5 мың жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, оларды игеру жұмыстары жүргізілуде. 1,5 мың учаскенің және 800-ден астам жылжымайтын мүлік объектісінің құжаттары тиісті түрде рәсімделіп, құқық меншігі тіркелді. 429 тұлғаға айқындалған құқықбұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар табысталды. Сонымен қатар, облыс прокуратурасының бастамасы бойынша, игерілмей жатқан жер учаскелерін айқындап, мемлекетке қайтару үшін мониторинг жүргізетін жұмыс топтары құрылды.