Электр қуатының бағасы қымбаттайды

Электр қуатының бағасы қымбаттайды

Электр қуатының бағасы қымбаттайды
ашық дереккөзі
Қостанай облысында ақпан айынан бастап электр энергиясының тарифі қымбаттауы мүмкін. Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің мәліметінше, жанар-жағармай мен электр қондырғыларының қымбаттауы салдарынан тариф құны өседі. «Қостанай энерго орталығы» серіктестігі облыстық Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне электр қуатының бағасын өсіру жөнінде тапсырыс берген. «2019 жылдың соңында «Қостанай энерго орталығы» серіктестігінен жарық бағасын өсіру туралы 155 өтінім келіп түсті. Орталық басшылығы ҚР Энергетика министрлігіне электр энергиясы тарифін 7,5% көтеру туралы өтінім жазған. Монополистер бұл өтінімнің негізінде сараптама жүргізді. Сараптама нәтижесіне сәйкес, электр энергиясының тиімді бағасына қосылған құн салығынсыз 7,2 пайызға өсіп, 18,92 теңгеге дейін төмендетілді. Сонда жеке тұлғалар үшін электр энергиясының бағасы 7 тиынға ғана өсіп отыр. Ал, заңды тұлғалар жарық үшін 23,3 теңге төлейтін болады», – деді Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің басшысы Ақан Ташпанов. Былтыр заңды тұлғалар үшін электр энергиясының бағасы 23 теңге 81 тиын болған.