Бүгін күн райы құбылмалы: қар аралас жаңбыр жауады

Бүгін күн райы құбылмалы: қар аралас жаңбыр жауады

Бүгін күн райы құбылмалы: қар аралас жаңбыр жауады
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде циклон жырасының әсері болғандықтан құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша қар аралас жауын-шашын болады. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте жел екпіні 30 м/с және одан асады. Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан жоғары күтіледі. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан, Кызылорда, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында кей жерде жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Солтүтік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі. Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман болады.