Текеліде жер сілкінді

Текеліде жер сілкінді

Текеліде жер сілкінді
ашық дереккөзі
Алматы облысы Текелі қаласының маңында жер сілкінді, – деп хабарлады Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі. «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциалар желісі 27 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 22:58-де жерасты дүмпуін тіркеді. «Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 227 шақырым жерде екені анықталған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,7. Магнитудасы – MPV-4,0. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілуі туралы мәліметтер (ММК-64 шкаласы бойынша): Алматы облысы, Текелі қаласында – 2 балл», –делінген ресми хабарламада.