Алматыда тоналған мәжіліс депутаты полиция қызметіне сенбейтінін айтты

Алматыда тоналған мәжіліс депутаты полиция қызметіне сенбейтінін айтты

Алматыда тоналған мәжіліс депутаты полиция қызметіне сенбейтінін айтты
ашық дереккөзі
Алматыда Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнованы тонап кетті, – деп жазды «ҚазАқпарат». Оқыс оқиға туралы Смирнова Facebook-тағы парақшасында жариялаған. Депутаттың айтуынша, ұрылар үш апта бұрын көліктің терезесін сындырып, ішіндегі сөмкесін қолды еткен. «Жақында мені Алматыда тонап кетті. Көлігімнің терезесін шағып, сөмкемді алып кеткен. Қайта онда құнды дүние болған жоқ. Құжаттарым өзіммен бірген жүрген кішкентай сөмкеде болатын. Құнды заттарымнан айырылмасам да, жаман болып қалдым. Полицияны шақырғым келмеген, өйткені олардың ұрыны тауып беретініне сенбеймін. Алайда, жанымдағылар полиция шақыру керек деп кеңес берді. Тәртіп сақшылары тез келді. Бірақ келе салып айтқан сөзі мені есеңгіретіп тастады: «Несіне уайымдайсыз? Ұрылар қашан да болған, әлі де бола береді. Не істе дейсіз енді?», – деп бетіме қарап тұрды», – деп жазды Ирина Смирнова. Бұған жауап ретінде депутат құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне иығындағы погонды шешіп тастауды ұсынды. Алматы қалалық полиция департаменті 5 қаңтар күні депутат Ирина Смирнова көлігінің тоналғаны туралы арыз түсіргенін айтты. «Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы – «Ұрлық» бойынша тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамында криминалдық полиция қызметкерлері бар», – деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.