Президент Біріккен Араб Әмірлігіне ресми сапармен барды

Президент Біріккен Араб Әмірлігіне ресми сапармен барды

Президент Біріккен Араб Әмірлігіне ресми сапармен барды
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды, – деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында. «Бүгін Қазақстан Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады. Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған», –делінген хабарламада. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездеседі. Бұл сапар барысында Президент Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барып, Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшысымен кездесу өткізеді деп жоспарланған.