Қытайдағы вирус базардағы жабайы жануарлардан тараған

Қытайдағы вирус базардағы жабайы жануарлардан тараған

Қытайдағы вирус базардағы жабайы жануарлардан тараған
ашық дереккөзі
Дүйсенбі, 27 қаңтар күнгі жағдай бойынша тәж вирусынан қаза тапқандардың саны 80-ге жетті, – деп хабарлады Reuters. Қытайдың денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік комитетінің өкілдері эпидемия ошағы орналасқан Хубэй провинциясында бір түн ішінде вирус құрбандарының саны 56-дан 76-ға дейін өскенін айтты. Тағы төрт өлім оқиғасы елдің басқа бөліктерінде тіркелген. Сондай-ақ, коронавирусты жұқтырғандардың саны 30 пайызға артты – 2744 жағдай расталған. Олардың көпшілігі Қытайда. «Болжанып отырған аурудың саны 5794-ке жетті», – делінген ведомство хабарламасында. Бір тәулік бұрын вирусты 1975 адам жұқтырғаны және 54 қаза болғаны туралы хабарланған болатын. Қытайдан басқа бұл вирус Гонконг, Макао, Тайвань, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия және Малайзияда тіркелген. «Синьхуа» хабарлағандай, Қытай ғалымдары тәж вирусын зерттеудің алғашқы нәтижелерін жариялады. 2019-nCoV электронды микрофотографиясы ұсынылған. Мамандар Уханьда теңіз өнімдерінің көтерме сауда нарығында алынған сынамаларды зерделеп, вирустың көзі нарықта сатуға қойылған жабайы жануарлардан болғанын анықтады.