Фристайл: Галышева Канадада күміс медаль еншіледі

Фристайл: Галышева Канадада күміс медаль еншіледі

Фристайл: Галышева Канадада күміс медаль еншіледі
ашық дереккөзі
Канаданың Монт-Тремблан қаласында фристайл-могулдан өткен әлем кубогының кезеңдік сайысында Юлия Галышева күміс медальға қол жеткізді. 
Қазақстандық спортшы 80,99 ұпай жинады. Бас жүлде Францияның өкілі Перрин Лаффонтқа бұйырды. Ол 82,14 ұпайды қоржынға салды. Қола медальді Анастасия Смирнова иеленді. Оның жиған ұпай саны – 58,54.
 

Ал ерлер арасында отандастарымыздың арасынан ең үздік көрсеткішке Павел Колмаков қол жеткізді. 76,00 ұпай жиған ол 11 орынға табан тіреді. Тәжірибелі Дмитрий Рейхерд 71,89 ұпаймен 24 орында қалып қойды. Ал бұл жарыстың бас жүлдесін канадалық Микаэль Кингсбери қанжығасына байлады. Үйеңкі жапырақтар елінің өкілі 86,80 ұпайды иемденді. Күміс пен қола медальді жапониялық Икума Хиросима (86,60 ұпай) мен франциялық Бенжамен Каве (83,99 ұпай) еншіледі.