Қарапайым автобустарды жүргізушісіз басқарылатын автокапсулалар алмастырады

Қарапайым автобустарды жүргізушісіз басқарылатын автокапсулалар алмастырады

Қарапайым автобустарды жүргізушісіз басқарылатын автокапсулалар алмастырады
ашық дереккөзі
Көп ұзамай көзге үйреншікті автобустардың орнын жүргізушісіз басқарылатын автокапсулалар басуы мүмкін. «Хабар 24» арнасының хабарлауынша, қазір көліктің осы бір түрі Ұлыбританияның Бристоль қаласында сынақтан өткізіле бастаған. Толықтай автоматтандырылған автобус видеобақылау камераларымен, жоғары сезімтал радармен және түрлі датчиктермен жабдықталған. Бұл құрылғылар көліктің мінсіз жүруіне көмектеседі. Сонымен бірге өзгенің өміріне қауіп төндірмеуге де оң әсер етеді. Енді аталған жоба сәтті деп танылса, келесі жылдан бастап Ұлыбританияда қолданысқа енеді.