Субсидия беру тәсілі неліктен жыл сайын өзгереді?

Субсидия беру тәсілі неліктен жыл сайын өзгереді?

Субсидия беру тәсілі неліктен жыл сайын өзгереді?
ашық дереккөзі
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің агроөндіріс кешеніндегі ахуалға көңілі толмады. Соңғы 5 жылда бұл салаға 2,4 триллион теңгеден астам қаржы бөлінгеніне қарамастан, жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі 4,5 пайыздан аспайды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экспорт әлеуетін көтере алмағанымызды, сондықтан азық-түлікпен толық қамтамасыз ету мәселесі шешілмей отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, министрлік елімізде шикізат өңдеу үшін барлық жағдайды жасауы тиіс. Қайта өңдеу ісі мен экспорт тиімді болуы қажет. – Бізде Агроөндіріс кешенін дамытудың бесжылдық бағдарламасы бар. Онда осы саланың мақсаты мен міндеті, нақты өндірістік және экономикалық көрсеткіштері жазылған. Демек Үкіметтің жоспары мен негізгі басымдықтары айқын. Сонымен қатар қолдау шаралары, яғни, субсидия беру тәсілі жыл сайын өзгереді. Соңғы 5 жыл ішінде бөлінген қаржы 2 триллион теңгеге жетті. Бұл ретте субсидиялар 47 рет өзгерді. Үкіметке мемлекеттік қолдау шараларының тұрақтылығын, олардың тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырған болатынмын. Бұл тапсырма әзірге орындалмады. Нақты шешімдер мен ұсыныстар күтемін, – деді Мемлекет басшысы.