Президент «Техникалық реттеу туралы» заң қабылдауды тапсырды

Президент «Техникалық реттеу туралы» заң қабылдауды тапсырды

Президент «Техникалық реттеу туралы» заң қабылдауды тапсырды
ашық дереккөзі
Президент ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Үкіметке 2025 жылға дейінгі Сауда саясатының бағдарламасын әзірлеуді, Сертификаттаудың ұлттық жүйесін дамытуды, Ұлттық стандарттарға сенімді арттыруды, сондай-ақ, «Техникалық реттеу туралы» Заң қабылдауды тапсырды. Мемлекет басшысының пікірінше, жобаларды еселеп қымбаттату үрдісі  жалғасуда, құрылыс құнының сметасын жасауда проблема бар. – Мемлекеттік органдардағы сатып алулардың 49 пайызына дейін және квазимемлекеттік сектордағы сатып алулардың 70-тен 90 пайызына дейін бір көзден жүзеге асырылады. Сатып алу барысында ерекше жағдай деп белгілеп, оны ең төменгі шекке дейін жеткізіп, бәсекенің болмауына негізделген тәсілдерді қысқарту керек. Мысалы, 8 өңірде жеткілікті түрде жеке тасымалдаушылары бар муниципалды автопарктер құрылған. Үкімет қалалық жолаушылар тасымалы саласында тәртіп орнатуға міндетті. Бұл – маңызды әлеуметтік мәселе. Орындауға екі ай уақыт беремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.