25 Қаңтар, 09:17 242 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Түркияда 6,8 балдық жер сілкінісі болды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Түркияның шығысында 6,8 балдық жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Элязыг провинциясында тіркелген. Зізаладан 15 адам қаза тауып, 553 тұрғын емханаға жеткізілген. Түркия қоршаған ортаны қорғау және қала құрылысы министрінің айтуынша, Элязыг провинциясының Сивридж уезде 5 және Малатья провинциясындағы Доганйол ауданында 25 ғимарат құлаған.

Еске салсақ, бұған дейін Анкара түрік провинциясының Акьюрт ауданында бейсенбі күні магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар