Инфляция деңгейі бойынша «чемпион» болдық – Президент

Инфляция деңгейі бойынша «чемпион» болдық – Президент

Инфляция деңгейі бойынша «чемпион» болдық – Президент
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында экономикалық дамудың сапасына қатысты әлі де шешілмеген мәселелер барын атап өтті.  – 2019 жылдың 11 айында жалпы ішкі өнімдегі несие портфелінің көлемі 23 пайыздан 22 пайызға төмендеп кетті. Бұл экономиканы несиелендіруді тежейді. Былтыр Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде инфляция деңгейі бойынша «чемпион» болдық. Еңбек өнімділігінің айтарлықтай артпауы – үлкен мәселе. Бұл – проблема. Шикізат экспортының үлесі жәй өсуде, – деді Президент. Кеңейтілген отырысқа Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.