Коронавирус жұқтырғандар саны 630-дан асты

Коронавирус жұқтырғандар саны 630-дан асты

Коронавирус жұқтырғандар саны 630-дан асты
ашық дереккөзі
Қытайда тараған коронавирусты жұқтырғандар саны сәт сайын артып барады. Соңғы деректерге сенсек, вирустың бұл түрін жұқтырғандар саны 630-дан асқан. Олардың 100-і ауыр халде. Коронавирустың кең тарауына байланысты Қытай астанасы – Бейжіңде жаңажылдық шаралар өткізілмейтін болды. Оның орнына Бейжің билігі аурудың алдын алу жұмыстарымен айналыспақ. Қазір бұл аурудың себебін анықтау үшін генетикалық зерттеулер жүргізілуде. Ғалымдардың болжауынша, коронавирус кеселі жыланнан тараған болуы мүмкін. Ал індет ошағы – жарғанаттар. Мамандардың сөзінше, бауырмен жорғалаушылардың ағзасында вирусты ақуыздың рекомбинациясы болып, осыдан кейін ол жыланнан адамға жұға бастаған. Қазақстанның Қытайдағы елшілігі азаматтарға адам көп шоғырланған жерлерге бармауға, жануарлар мен балық еті қосылған азық-түлікті қолданбауға кеңес беріп жатыр.