23 Қаңтар, 18:55 307 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Жаңа iPhone 12 смартфонының қандай ерекшеліктері болады?

Биыл Apple компаниясы көптің назарына жаңа iPhone 12 смартфонын ұсынады. Гаджеттің қандай артықшылықтары мен ерекшеліктері қандай болады деген сұраққа Macotakara интернет басылымы жауап іздеп көріпті. 

Басылым дерегі бойынша Apple компаниясының жаңа өнімі қазіргі iPhone 11 Pro Max смартфонына ұқсас болады. Бірақ корпусы 7,4 миллиметрге жұқа жасалады. Экраны 6,7 дюймді құрайды. Сондай-ақ сарапшылардың пікірі бойынша смартфон дисплейі жаңа электрлюминесцентті OLED-экранмен жабдықталады. Одан өзге смартфон қуаты да көпке шыдайтын болады.

iPhone 12 6,1 және 6,7 дюйімді экранмен екі нұсқада шығады. Қазіргі түрі сияқты үшкамералы болады және жетілдіріле түскен. Қараңғыда да, яғни жарық нашар болса да сурет сапалы шығады. Аталған деректер жаңа смартфонның толық ресми сипаттамасы емес, болжам ғана.

Жаңа гаджет осы жылдың қыркүйек айында сатылымға шықпақ. 

Тэгтер iPhone 12

Соңғы жаңалықтар