23 Қаңтар, 16:31 290 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Шымкентте мас жүргізуші көлігімен полиция қызметкерін сүйреп кетті

Шымкент қаласында мас күйінде көлік айдаған азамат полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz

Жол-көлік апаты Т.Рысқұлов көшесінде болған. Алдымен Mitsubishi Galant және Audi-80 маркалы көліктері соқтығысқан. Оқиға орнына жеткен жол сақшысы Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісінен құжаттарын көрсетуді өтінген. Алайда ол құжаттарын көрсетуден бас тартып, ізін суытпақ болған.  Көліктің жүруін бөгеген полицейді қағып, оны 3 метр жерге дейін сүйреп кеткен. Құқық бұзушы сол мезетте ұсталды.

Соңғы жаңалықтар