2019 жылы ақылы жолдардан қанша түсім жиналды?

2019 жылы ақылы жолдардан қанша түсім жиналды?

2019 жылы ақылы жолдардан қанша түсім жиналды?
ашық дереккөзі
2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында елімізде іске қосылған төрт ақылы жолдан, яғни «Нұр-Сұлтан – Шучинск», «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Алматы – Қорғас» және «Алматы – Қапшағай» автобандарынан түскен түсім 5,4 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік таратқан хабарламаға сүйенсек, 5,4 миллиард теңгенің 3,8 миллиарды – ақылы автомобиль жолдарын, 1,6 миллиарды төлем алу жүйесін күтіп ұстау шараларына жұмсалған. «2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, өткен жылы ақылы жолдардан 3,5 есеге артық қаражат түсті. Өйткені, арғы жылы Қазақстанда «Нұр-Сұлтан – Шучинск» жолы ғана ақылы болатын. Жыл сайын бұл жолдан 1,5 млрд теңге жиналып келді. Бүгінгі таңда елдегі ақылы жолдардың жалпы ұзақтығы – 682 шақырым», - деді министрліктен. Атап өтілгендей, ақылы болған автожолдардың күтіміне бюджеттен қаражат бөлу тоқтатылады. «2019 жылдың желтоқсанында инвестициялық конкурстың қорытындылары бойынша Консорциуммен жолдардың 11 мың шақырымында төлем алу жүйесін орнату және оны күтіп ұстау туралы құжатқа қол қойылды. Келісімге сәйкес биыл қайта құрылымдаудан өткен 5,7 мың шақырымдық жол учаскелерінде төлем алу жүйесі орнатылады деп жоспарлануда. Жолдардың қалған 5,3 мың шақырымы 2024 жылға дейін қайта құрылымдау шараларының аяқталу мерзіміне байланысты ақылы болмақ. Ақылы жолдар жүйесін енгізу арқылы сол жолдардың күтіміне бюджеттен қаражат бөлінбейтін болды. Яғни, барлық шығын жиналған қаражат есебінен қамтамасыз етіледі», - деп нақтылады ведомстводан.