22 Қаңтар, 19:12 457 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Грекия тарихында алғаш рет әйел президент сайланды

Грекияның жаңа президенті сайланды. Ел тізгінін ұстайтын тұңғыш әйел — Екатерина Сакелларопулудың кандидатурасын   мемлекеттің парламенті бекітті, деп хабарлайды РИА Новости. 

Дереккөздің мәліметінше, Сакелларопулу  200-ден астам дауыс жинаған. Осылайша, Грекия мемлекетінің басшы қызметін алғаш рет әйел атқарады. Бұған дейін, Сакелларопулу мемлекеттік кеңестің (Жоғарғы сот) төрағасы болған. Сонымен қатар, ол Евроодақ құрылымындағы сот лауазымында да жұмыс істеген.

Айта кетейік, 2019 жылы жазда Грекияның премьер-министрі болып, "Новая демократия" партиясының лидері Кирьякос Мицотакис сайланған болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар